banner_damu

Қай облыс әкімдіктері бюджет қаражатын дұрыс игермеді

Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетің атқарылу барысын баяндаған ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 8 айда шығысқа бағытталған 9,9 трлн теңгенің 7 млрд теңгесі үнемделгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджет бойынша 9,9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 31 млрд теңге болса, оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді. Яғни, 24 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, аталған органдардың өздері сұратқан қаражатты толық игермеуіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау сияқты жайттар себеп болған.

«Жергілікті бюджет шығыстары 5,2 трлн теңгені құрады. Мұнда 64 млрд теңге игерілмеген. Биыл жалпы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінген. Оның 98% игерілді. Игерілмеген 26,5 млрд теңгенің 3 млрд теңгесі үнемделді. Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді Қаржы министрі.

 



 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика