Қамысқалалық Мерей «Алтын кітапқа» енді

Кеше Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Жастар жылының салтанатты жабылу шарасы өтті.

jas-jabilui

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, жастар саясаты және мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға аймақтағы бірқатар жастар мен облыстағы басқарма басшылары қатысты.

jasjil-jab

Сахнада спикер ретінде Исатай аудандық ауруханасының дәрігері Иман Пернебеков пен «Самғау» жобасының қатысушысы Жансая Рысқалиевалар сөз сөйлеп, жеткен жетістіктерімен бөлісіп, жастарға жігер берді.

jasjab

Аталған шараның марапаттау сәтінде біздің ауданымыздан мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жемісті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен белсенділігі үшін қамысқалалық «Қапсихов» шаруа қожалығының жетекшісі Мерей Қапсиховтың «Атырау облысы жастарының Алтын кітабына» енгені хабарланып, салтанатты жағдайда куәлігі тапсырылса, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқалиев - Жастар жылы аясында атқарған еңбегі мен өңір жастарының бойына іскерлік қасиеттерін қалыптастырып, олардың рухани дамуына атсалысқаны үшін Атырау облысы әкімі орынбасары Ж.Қарағаевтың алғыс хатын алды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT