Жуырда Исатай ауданының әкімі П.Хасанов қамысқалалықтармен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы шыққан болатын.

Осы Жарлыққа сәйкес Исатай ауданының әкімі Хасанов Полымбет Максимұлы Қамысқала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Кездесу барысында Қамысқала ауылдық округінде атқарылған және атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша ақпарат беріледі. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтарына аталған кездесуде жауап ала алады.

Аудан әкімінің қамысқалалықтармен кездесуі 2022 жылдың 17 наурыз күні сағат 09:30-да, Қамысқала ауылдық мәдениет үйінде өтеді.

Осы кездесуден кейін сағат 11:00-де аталған мәдениет үйінде аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы өтеді.

Сонымен қатар, ауылдық округтің пошта бөлімшесі мен әкімдіктің ғимаратында орналасқан арыз-шағымдар жәшігіне өтініштеріңізді жазбаша нұсқада қалдыра аласыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT