Қандай жағдайда қару қолдануға болады? Оқушылар полиция қызметімен танысты

Кеше Исатай аудандық полиция бөлімінде «Ашық есік» күні өтті.

rovd5

Оған Аққыстау орта мектебінің бір топ жоғары сынып оқушылары қатысты. Шарада қонаққа келген оқушыларды полицей ағалары күтіп алып, оларға ішкі істер органдарындағы қызметтері туралы ақпараттар берді. Аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Жәнібек Үмбетқалиев нағыз полицей болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек екендігін айтып, қарулардың құрылымын және пайдалану жолдарын түсіндірді. Қандай жағдайда қару қолданылуы керектігін баса айтқан полицейдің сөзіне құлақ асқан оқушылар шын қаруды көргендеріне таң болысты.

rovd63

Келесі кезекте криминалист, полиция майоры Берікболат Сапаров жас қонақтарды қыры мен сыры көп криминалистика жұмысымен жан-жақты таныстырып, ондағы құрал-жабдықтарды көрсетті. Өзінің ағалық ақыл-кеңестерін айтуды да ұмытпады.

rovd1

- Іс-шара полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқараны халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған. Басқа да бөлімдердің жұмысымен танысқан оқушылардың арасында полицей болуды армандайтындары да бар екен. Бізден керек көмек болса, мамандар әруақытта жастарға бағыт беруге әзір, - дейді аға инспектор, полиция майоры Айсұлу Телеубаева.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521