«Қазақстан халқына» қорына бір күнде 40 млрд теңге түсті

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, 16-28 қаңтар аралығында қор шотына барлығы 93,3 миллиард теңге аударылды. Ал өткен жұма күні бірден 40,8 миллиард түскен. 

 Атап айтқанда:

«ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 миллиард теңге;

«Халық» қайырымдылық қоры - 10 миллиард теңге;

Диас Төлеутайұлы Сүлейменов – 450 миллион теңге;

«Банк Центр Кредит» АҚ - 200 миллион теңге;

«Көліктік сервис орталығы» АҚ - 150 миллион теңге.

«Қор басшылығы қаражаттың қайда жұмсалғанын ашық көрсетіп, есеп беретінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бөлінеді», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Негізгі мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT