Қазақстан қылмыс жасаудан елу елдің қатарына енді

Қазақстан қылмыс өршіп тұрған 50 елдің қатарына кірді, - деп хабарлайды і Ranking.kz.

Numbeo порталының мәліметі бойынша, Қазақстан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыс деңгейі бойынша 142 ел рейтингінде 47-орынға шыққан. Орын неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс мәселесі соғұрлым нашар. Қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингі кейінгі 36 айдағы деректерді пайдалана отырып, жылына екі рет жасалады.

_1660624297

Еліміздегі қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі. 0-ден 19,99-ға дейінгі көрсеткіш қылмыс деңгейі өте төмен, 20-дан 39,99-ға дейін - төмен, 40-тан 59,99-ға дейін - орташа, 60-тан 79,99-ға дейін - жоғары, 80 және одан жоғары - өте жоғары. 2022 жылдың бірінші жартысында антилидер 83,16 және 80,26 индекстерімен Венесуэла мен Папуа-Жаңа Гвинея болған, бұл қылмыстың өте жоғары деңгейін көрсетеді. Одан кейін Ауғанстан (78,19 индексімен 3-орын), Оңтүстік Африка (75,37 индексімен 4-орын) және Гондурас (74,66 индексімен 5-орын) тұр.

Қазақстанның индексі 53,04 болды, бұл - орташа деңгей. 52,13 индексімен 48-орында Уругвай, 53,25 индексімен 46-орында Алжир тұр.

Беларусь және Қырғызстан сияқты ЕАЭО елдерінде де қылмыс орташа деңгейде, бірақ Қазақстанға қарағанда біршама нашар. Беларусь 57,18 индексімен 32-орында болса, Қырғызстан 55,88 индексімен 36-орында. Сонымен қатар, ЕАЭО-ға кіретін Ресей мен Арменияда қылмыс деңгейі төмен. Осылайша, Ресей 39,32 индексімен 94-орынға, ал Армения 27,75 индексімен 136-орынға жайғасқан. Көрші Өзбекстанда да қылмыс деңгейі төмен: 33,68 индексімен 104-орында.

Ең төменгі қылмыс деңгейі Катарда (14,15 индексімен 142-орын), БАӘ (14,87 индексімен 141-орын) және Тайваньда (16,15 индексімен 140-орын). Сондай-ақ, қылмыс деңгейі өте төмен рейтингте Мэн аралы (18,28 индексімен 139-орын) және Оман (19,72 индексімен 138-орын) бар.





ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT