Қазақстанда 100 ең адал адам анықталады

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы" қоғамдық бірлестігі "Адал қазақстандықтардың" тізімін жасамақ, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл тізімге мемлекеттік қызметшілермен қоса, квазимемлекеттік сектордың, жеке компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін енгізу болжанып отыр.

Егер Президенттік кадрлық резервке мемлекеттік орган іріктеу жүргізсе, "Адал қазақстандықтардың жүздігі" жобасы ол қоғамдастықтың іріктеуінен өткен адамдар болады.

Іріктеу критерийлері соншалықты қатаң емес. Бірақ үміткер барынша адал және парасатты, мемлекеттік тілді жетік білетін, сотталмаған, "халық қамын жейтін" патриот, қоғамда беделі бар азамат болуы шарт.

Кандидаттарды таңдау процесі ашық және әділдік қағидаты негізінде өтеді. Тізімге кіретін азаматтардың жасы 45-тен аспауы тиіс.

Қазіргі уақытта қоғамдық ұйыммен Іріктеудің ережелері егжей-тегжей қарастырылуда.

Дауыс беру zannews.kz сайтында өтеді. Болжам бойынша "жүздікке" кірген азаматтардың жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары болуы қажет. Айына екі маңызды шара өткізу көзделеді. Яғни, ол өзінің іс-әрекетімен қоғамға шарапаты мен пайдасы бар жұмыс жасайды деп күтілуде.

Тізімге енген кейбір азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталағы мен басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен Үкіметке "адал және іскер тұлғалар" ретінде мемлекеттік қызметке ұсынылады. Бұға қоса, түрлі шешім шығарушы комиссиялардың құрамына енгізуге, әдеп жөніндегі уәкіл, комплаенс-офицер болуға да ұсынылады.

Кандидаттарды таңдау үшін 20 қоғамдық ұйымдардың лидерлерінен тұратын комиссия құрылмақшы. Олар Ережеде бекітілген талаптарға сәйкес әрбір үміткерді зерделеп, іріктеуге қатысуына рұқсаттама береді.

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика