Қазақстанда екі апталық карантиннің талаптары бекітілді

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша шектеу шаларарын енгізуге шешім қабылданды.

Көлік қатынасы бойынша:

Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату; Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

Комиссия шешімімен бірқатар нысандар толығымен жабылады. Олар:

сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар, караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары, кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар мен банкет залдары.

Жабылмайтын нысандар:

медицина орталықтары (алдын ала жазылу бойынша);

дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен ашық базарлар;

ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары;

үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары;

ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;

халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Ал мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қызметкерлері, кемінде 80 проценті, қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс.

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

sputniknews.kz 

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика