Қазақстанда ХҚКО жұмыс уақыты ұзартылды

Еліміздің кейбір облысында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды.

Бұл өзгеріс жеті аймаққа – Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты.

718cb43d66e523a75b9ea05ca59c68bf

Атап айтсақ, Атырау облысындағы бұған дейін коронавирус індеті өршігендіктен, карантинге жабылған Жылыой аудандық ХҚКО ашылды.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК басқарма төрағасы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, ХҚКО жұмыс уақыты ұзартылғандықтан, күн сайын тұрғындарға ұсынылатын мемлекеттік қызмет саны да артпақ.

- Біз жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті бір апта бұрын брондау керектігін айтып шағымдануда. ХҚКО жұмыс уақытын біртіндеп ұзарту арқылы осы мәселені тұрақтандырып, қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігін қамтимыз деп ойламын, - деді Балташева.

Еліміздегі төтенше жағдай аяқталғаннан бері ХҚКО арқылы үш миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚКО-да алдын ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Ал электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көпбалалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі. Компьютерлері немесе интернеті жоқ азаматтар онлайн қызметтерді алу үшін әкімдіктер мен екінші деңгейлі банктерде орналасқан egov.kz бұрыштарын пайдалана алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.

baq.kz

Cурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521