Қазақстандық бизнесмендерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары бойынша несиені кейінге қалдыру немесе қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді. Үкімет отырысында Әбілқасымова 16 наурыздан 15 маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдердің мерзімі ұзартылғанын хабарлады. Осы кезеңде бұл мүмкіндікті 1,8 миллион адам немесе борышкерлердің 34 пайызы пайдаланған екен. Мерзімі ұзартылған төлемдердің сомасы - 268 миллиард теңге.
Сондай-ақ, оның айтуынша, несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың ШОБ субъектілері жүгінді-бұл банктік несиелері бар ШОБ қарыз алушыларының 41,5 пайызы. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы - 165 миллиард теңге.
"ТЖ режимінің аяқталуына қарамастан ШОБ кәсіпорындарының қызметі біркелкі емес және толық көлемде қалпына келген жоқ. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемінің қысқаруы байқалады, айналым мен ақшалай түсім төмендеді, демек алынған кредиттер бойынша міндеттемелерге қызмет көрсету мүмкіндігі төмендеді.
ШОБ субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары іске асырылып жатыр. 2020 жылғы 16 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін ШОБ субъектісі банкке немесе микроқаржы ұйымына қосымша қолдау шараларын ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Кредиттік ұйымдар әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, ТЖ мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ субъектісінің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру перспективаларын жеке бағалайды. Нашарлаған жағдайда қолдаудың екі бағыты ұсынылады" деді Әбілқасымова.
Бірінші бағыт - «қаржылық жағдайды қалпына келтіру үшін жеткілікті» кезеңге төлемдерді кейінге қалдыру. Ведомство басшысы бұл шара бизнестің қарыздық жүктемесінің айтарлықтай артуына алып келмейді деп сендірді, өйткені кейінге қалдырылған несие бойынша төлемдер несие толығымен өтелгенге дейін немесе несие мерзімі кейінге қалдырылғанға дейін қосымша мерзімге бөлінетін болады.
Екіншісі - нарықтық мөлшерлемемен несие беретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген шарттармен қарыздарды қайта қаржыландыру.
«Барлық ШОБ, оның ішінде кейінге қалдырылған адамдар да осы мүмкіндікті пайдалана алады» деді ол.