Қазақстанда қашаннан бастап онлайн түрде жер алуға болады?

Қазақстанда 2020–2022 жылдары жер учаскелерін онлайн режимде алу қызметі басталады.

Электронды үкіметтің сайтына кіру арқылы өтініш беруге болады екен. Бұл жайлы krisha.kz. сайты хабарлайды.

Қазіргі уақытта жер алу үшін әртүрлі 38-ге жуық қызмет жасалады, ал олар бір жылға дейінгі уақытты алады. Жобаны іске асырғаннан кейін қызметтер саны 19-ға, ал жер участкесін алу мерзімі бір айға дейін қысқарады. Биыл республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағылар жер участкесін онлайн режимде ала алады деп жоспарлануда.

Алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтөбеде пилоттық жоба іске қосылады. 2021 жылдың IV тоқсанында басқа қалалар мен облыс орталықтарында, ал 2022 жылға қарай бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істей бастайды.

Жобаны іске асыру жылжымайтын мүлік пен жерді тіркеумен байланысты процестерді оңтайландырады және ашық етеді деп күтілуде. Ал жерді алу тәртібі адамдар үшін анағұрлым ыңғайлы болмақ.

24.kz

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика