Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында 12 күн демалады.
Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Халықаралық әйелдер күні биыл дүйсенбіге түсіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
Наурыз мейрамын тойлау кезінде ел тұрғындары бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.
Сурет: ашық дереккөзден