Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 42% өсті

Кейінгі 5 жылда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 42% - ға өсті.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көпжақты өзара іс-қимылдың берік экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Кейінгі 5 жылда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 42% - ға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті», деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, болашақта бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға дейін жеткізу қажет.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT