ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтегі қазіргі заманғы кадрларды дайындау: технологиялар және инновациялар» тақырыбындағы брейнстормингі өткізілді.
Облыс, аудан, қала әкімдері, орынбасарлары, басқарма басшылары, Әдеп жөніндегі уәкілдері, ЖОО оқытушылары, студенттері, филиал қызметкерлері қатынасқан шара 2 сағатқа созылды.
Атырау облысы әкімінің кадр бөлімі басшысы Е.І. Жұмабай «Өңірдегі кадр мәселесі» тақырыбында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры С.Идрисов «ЖОО қабырғасында мемлекеттік қызметшілерді дайындау», Алматы Менеджмент Университетінің Атырау қаласы бойынша өкілдігінің директор А.Б.Джетписова «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы заманауи технологиялар» тақырыбын баяндады.
Шара соңы қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына жалғасты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі