Қоғамдық қабылдау - билік пен бұқараға алтын көпір

 

«AMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса, партия жанынан құрылған қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл мәселеде үлкен рөл атқарады.

«AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі филиал төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, құқық қорғау органдарының басшыларының қоғамдық қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес өткізіп келеді.

6 ай ішінде аумақтық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 94 өтініш тіркеліп, оның 53-і немесе 56 пайызы оң шешімін тапты. 41-іне құқықтық кеңестер, түсініктер берілді. Азаматтар білмегенін сұрап келіп, оған алған жауабына қанағаттанатын болса, бұл да оң шешілгенмен пара-пар.

«AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосып, белсенді іс атқарып келеді. Аудандық мәслихаттың 11 депутатының 9-ы «AMANAT» партиясының мүшесі болса, оның 8-і депутаттық фракция мүшесі. Фракция мүшелерімен жыл басынан бері сайлау округтеріне барып, 5 көшпелі қабылдау өткізді, оған барлық округтерде 61 адам қатынасты. Өтініштер талап дәрежесінде шешіліп, заңдылықтар шеңберінде азаматтарға жауаптар мен кеңестер беріледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 1 наурызы күні өткен ХХІІ партия Съезінде партия жұмысын қайта жаңғыртуды, сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату мақсатында еліміздің шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, Атырау облыстық партия филиалының бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен шалғай орналасқан ауылдық округтерде, елді мекендерде 1-ші жартыжылдық ішінде 4 көшпелі қабылдау өткізілді. Тұрғындар негізінен ауызсудың тарифтері, жұмыссыздық, әлеуметтік сала, тұрғын үй, мал өсіруіне және егін салуға қажетті ескі каналдарды қайтадан түп тереңдету т.б мәселелер бойынша жүгінді. Мобильді қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-өтініштері қараусыз қалмай, партия филиалының тарапынан қажетті жұмыстар жүргізілетіні және нәтижесі жеткізілетіндігі айтылды. Қазіргі күнде осы көшпелі мобильді қабылдау кезінде көтерілген мәселелер оң шешілуіне бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Қабылдау негізінде түскен барлық ұсыныстар мен сұрақтар партия филиалы тарапынан бақылауда болып, тиісті шаралар атқарылып келеді. Тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмектер көрсетіледі және айтылған мәселелер оңтайлы шешімін табуы үшін заңдылығына сәйкес, жұмыстар атқарылып, өтініштері ескеріліп, орындалуы үнемі партия назарында  болады.

Әліби ХАЙДАРОВ
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT