Қорғаныс министрлігі: Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыста қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.                            

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтты және қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысына қаза тапқандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және өтемақы төлеу мәселелерін шешу мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов келді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды.

Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 13 қаза тапқан.

inform.kz



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT