ҚР Денсаулық сақтау министрі ауысты

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. ​Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Владимирович Цойдың кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылдады.

Сонымен қатар, А.В. Цойды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің жарлығы да шықты.

Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын, - делінген Президент жарлығында.

Ал Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Асқар Мамин Алекцей Цойды ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі ретінде таныстырған болатын. Ал бұған дейін Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановтың коронавирус індетін жұқтырғаны туралы хабарланған болатын.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521