Құрманғазылық тұрғындар тіркелмеген заңсыз қаруларын полицияға тапсырып, сыйақы иеленді

Атырауда атыс қаруларымен, оқ–дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сәуір айының 25-нен бастап халықтан Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ – дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізуде.

​ Акция барысында Құрманғазы аудандық полиция бөліміне сегіз тұлға ерікті түрде тоғыз заңсыз сақталған атыс қаруларын сыйақы алу үшін тапсырды. ​ Соның ішінде 1892 ж.ш «Мосина» маркалы винтовкасын және 1944 ж.ш «Шпагин» пулемет тапаншасын тапсырды.

Көнеден қалған көз деп, аталардан қалған қаруды сақтау, одан кейінгі ұрпаққа мұраға етіп қалдыру, заңсыз қару сақтау жолы болып табылады. Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді, өз еріктерімен Ішкі Істер органдарына өткізген азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, ПБ «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды сұралады.

Атырау облысы Полиция департаменті осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде сыйақы алу үшін тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521