Қымбат дәрі көрсеңіз, қоңырау шалыңыз

Еліміздің барлық өңірінде дәріханаларда дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған жағдайда хабарласуға болатын сенім телефоны нөмірлері жарияланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарына пандемия кезінде дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермей, реттеуді тапсырған болатын.

Президент пәрменімен бірқатар іс шараларды қолға алған органдар әр аймақтағы заңсыз дәрі сату фактілерін анықтап, дәрі-дәрмектерді шекті бағадан асыра сатуды болдырмау мақсатындағы жұмыстарды қолға алды.

Енді қарапайым халық та еліміздің барлық өңіріндегі дәріханалардағы дәрі бағасының негізсіз қымбаттағанын байқаса, оны сенім телефоны арқылы хабарлай алады.

ҚазАқпарат тілшісі хабарлағандай, әр аймақтың сенім телефондары жария бола бастады. Егер сіз шекті бағадан қымбат дәрі кездестірсеңіз, Атырау облысы: 8(7122) 35-42-10 сенім телефонына қоңырау шалыңыз. Ол сіздің осынау қиын сәтте жағадан алған жаумен жағаласып, етекке жармасқан бөрілермен күресуге қосқан бір үлесіңіз екенін білгейсіз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521