«Қызыл аймақ»: Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 34, Индер ауданында - 24, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 17, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында-16 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді.

Қазір 2542 адам үй жағдайында, 188 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207, фтизиопульманологиялық орталықта - 99, кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 109, аудандық инфекциялық стационарларда - 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521