Әрбір 4 отбасының біреуі ажырасады

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 2-бабы «Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері», 1-тармағында «Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп нақты жазылған.

Сонымен қатар, Кодекстің 30-бабының 3-тармағында «Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді», сондай-ақ 4-тармағында «Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті» делінген. Бірақ, іс жүзінде бұл жауапкершіліктер мен міндеттер орындалып жатыр ма?

Аудан бойынша 2017 жылы неке қиюды тіркеу 114 болса, 2018 жылы 129, яғни 13,2 пайызға өскен. Ал, неке бұзуды тіркеу 2017 жылы 27 болса, өткен жылы 32, яғни 18,5 пайызға артқан. Аудан бойынша тіркелген некемен салыстырғанда, ажырасқандардың үлес салмағы 2017 жылы 23,7, ал, 2018 жылы 24,8 пайызды құрады. Дәл осы көрсеткіштерден неке құрушылар саны өсуімен қатар, ажырасушылар саны да өсіп келе жатқандығын байқауға болады.

Осындай жағдайлардың болашақта орын алмауы үшін қоғам, қоршаған орта, ұжым, отбасы болып бірлесе атсалысуымызға тура келеді. Ол үшін жастар әбден бірін-бірі танып, түсінісіп, бірін-бірі сыйлай, қорғай білетіндей дәрежеге жетіп, отбасын құрса және отбасылық өмірде жауапкершілікті ерлі-зайыптылар бірдей сезінсе ғана отбасы шайқалмауы әбден ықтимал деген сенімдеміз.

Рашид МҰҚАНОВ,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521