Әне-міне, дегенше таяп қалған маусымның бесінші жұлдызындағы маңызды күн елдің болашағына оң өзгерістер әкелуі тиіс.
Саяси салмақты сәт осы күні бұқара халықтың үмітін үдете түсті. Жалпы референдум өткізу халықаралық тәжірибеде бар нәрсе. Бұл елдерде кез келген қандай қоғамдық-саяси ортақ мәселе бойынша халықтың пікірі мен ұстанымы референдум арқылы шешіліп жатады.
Осыны ескерген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс тастағаны баршамызға мәлім.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметінің алғашқы күндерінен бастап қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Конституциялық өзгерістердің республикалық референдумы алдағы реформалардың тұрақты траекториясын айқындап, азаматтық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Референдум – азаматтардың ерік білдіруінің, олардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысуының маңызды үлгісі. Конституцияға енгізілмек өзгерістер мен толықтырулар «мықты Президент – абыройлы Парламент – жауапты Үкімет» үлгісін ұстанады.
Еліміз кешіп жатқан тарихи кезеңде эволюциялық даму мен саяси сана-сезімнің артуы көптеген шешімдерді Парламент арқылы емес, жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылдау мүмкіндігіне қолдың жеткенін көрсетеді. Әлемнің құбылмалы ахуалы мен жылдам өзгеретін геосаяси жағдайында, заманның жаңа талаптары мен сын-қатерлері тұсында өткізілетін референдум мемлекетті саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғыртуды жеделдетіп, талаптарға сай болуды қамтамасыз етеді. Көз алдымызда билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудің жаңа үлгісі қалыптасып келеді.
Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты механизмі. Ата Заңымызда жер халықтың меншігі деп көрсетіледі. Бұл – өте маңызды қадам. Қазір халық қоғамымызда болып жатқан өзгерістерді көріп отыр. Референдум – қоғамның жалпы көзқарасы мен пікірін білуге, саяси біліктілігін арттыруға және халықтың түйткілді мәселелерін қарастырып, оңтайлы шешім шығаруға арналған жүйе. Ендеше, болашағымыз жарқын болсын десек, бәріміз бірауыздан «Жаңа Қазақстанды» қолдауға дауыс берейік.
Әліби ХАЙДАРОВ,
«AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы
Тапсырыс беруші «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы