Республикалық референдумға қатысатын мүгедектігі бар адамдар үшін олардың да осынау маңызды оқиғаға қатысуына жағдай жасалған.Исатай ауданы бойынша дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың саны - 196.
Олардың арасында кресло-арбаларды пайдаланатындар -21, көру қабілеті бойынша зағип және нашар көретіндер -128, есіту қабілеті бойынша-47 азамат.Аудандағы 15 референдум учаскесі толығымен " Қолжетімді орта" интерактивті қолжетімділік картасы енгізілген.Жалпы, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта жағдайлары жасалған.