Алғашқы іс сапарымызды Жанбай ауылының мәдениет үйінде орналасқан 135 учаскелік референдум комиссиясынан бастадық. Сағат 7.00-де Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Көп ұзамай дауыс берушілер қатары да көрінді. Ең алдымен жетпістен асқан зейнеткер Қамидолла Серікқалиев дауыс берді.
Ол өз сөзінде " Әрбір саналы азамат өз таңдауын жасау керек" деді.
Комиссия төрағасының орынбасары Қ. Қапсихова ең алғаш дауыс беруші Қ. Серікқалиевке сыйлыққа сағат табыс етті.