Аққыстауда референдум учаскесі Мемлекеттік Әнұранмен ашылды

Қазақстан Республикасының Әнұраны жіберілгеннен кейін, дауыс беру басталды.

№133 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берген аққыстаулық азамат Тынышбек Кисметов. Сонымен қатарласа кірген ауыл ақсақалы Ишанғали Ермековке алғашқы келуші ең үлкен кісі ретінде сайлау учаскесі атынан сыйлық табыс етілді.

Комиссия төрағасы Ерболат Насимуллин: - Негізгі мақсат ҚР-ның саяси эканомикалық жағдайына жаңаруды жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігінен туындап отыр. Жалпы, халық референдум жайында толық хабардар. Сондықтан дауыс берушілер елдің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайды деп сенеміз. Осы референдумнан шыққан шешімдер жаңа Қазақстанды дамытуға, оның дүние жүзінде күшті мемлекет болуына септігін тигізетініне сеніміміз мол. Бүгінгі таңдауымыз елдің игілігі үшін жасалып жатқан шара деп есептейміз, - деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT