Референдуммен тұспа-тұс келген туған күн

Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны Кулара Нұғманқызы ел тарихындағы маңызды күнде 57 жасқа толды.

Туған күн иесі №181 референдум учаскесіне келіп, саяси науқанда белсенділік танытты. Таңдауын жасаған Кулара Жанғатаеваға аталған учаске төрайымы Жаннат Сидеғалиева жүрекжарды лебізін білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

«Жаңа жасымда – Отанымның жаңашылдығын көргім келеді. Ол үшін әр дауыс маңызды. Мен де қапы қалмай, елімнің оң өзгерісіне үлесімді қосып, дауыс бердім»,-дейді Кулара Нұғманқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT