Ренат Бектұров «Адалдық сағатын» өткізді (+ВИДЕО)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» жас көшбасшы Ренат Бектұров жүргізді.

Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар Ренат Бектұров ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан, Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды.

«Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы» деп Абайдың тағылымын алға тартқан Р.Бектұров жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды, өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Бейнедәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.

Айта кетейік, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521