Республика күніне Доссорда төрт ашық алаң ашылды

0 votes

Республика күніне орай Мақат ауданы Доссор кентінің «Бірлік» ықшам ауданындағы Р.Төлешқалиев, Қ.Сейтов, О.Шаримов көшесінде 4 ашық алаң ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Мәмбетов пен аудан жұртшылығы қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- "Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады" деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында.

Бүгінде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді және осы мақсатта ауданда инфрақұрылымды дамыту бағытында түрлі жұмыс жүзеге асуда. Мұндай алаңдар балалармен қатар ересектердің де уақытын тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізеді. Бұл спорт алаңдарының жобасы әртүрлі. Негізінен балаларға арналған ойын, спортпен шұғылдануға арналған құрылғылармен жабдықталған алаңдар және футбол алаңдары мен демалыс орындары бар, - деді А.Мәмбетов.

Футбол алаңы жасанды көк шөппен ал, балалар алаңқайы мен жаттығу аймағы денені жарақаттамайтын резин төсемемен жабдықталған. Сондай-ақ жаттығу алаңына күнделікті дене шынықтыруға арналған құрылғылар орнатылды.

Сәуле МАҒАУ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521