Өркендеудің негізі - еңбек адамында

 

Еліміздің дамуы ең алдымен еңбек адамының маңдай тері мен табанды ісіне байланысты екені белгілі. Ауданымыздағы жұмысшы мамандар – сол дамудың нақты көрінісі. Олар күнделікті жұмысы арқылы халықтың игілігіне қызмет етіп, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарының орындалуына үлес қосуда.

Қай сала қызметкері болмасын, өз ісінің шебері болуды мақсат етеді. Ауданымыздағы коммуналдық шаруашылықта, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік нысандарда қызмет атқарып жүрген жұмысшылардың еңбегі қашан да құрметке лайық.

Олар қиындыққа мойымай, күннің ыстығы мен суығына қарамастан, жауапты міндеттерді абыроймен атқарады. Әсіресе, ел қолайсыздықты сезінбеуі үшін түн ұйқысын төрт бөліп еңбек ететін электр желісі мамандары, су тарту және жылумен қамтамасыз ету қызметкерлерінің еңбегі ерен.
Осындай мамандардың кәсіби біліктілігі мен табандылығы ауданымыздың дамуына серпін беруде.

Қарапайым еңбек иелерінің еңбегі – ең жоғары бағалауға лайық. Сондықтан аудан көлемінде жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру, олардың еңбегін насихаттау – өте маңызды.

 

Г.Жолдасқалиқызы,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT