Өркендеудің өзегі – еңбек адамы

 

Ауданымыздың өсіп-өркендеуінде еңбегі елеусіз қалмайтын бір топ бар – ол күн сайын өз ісінің жауапкершілігін арқалап жүрген жұмысшы мамандар.

 Ел экономикасының тұрақты дамуы, халықтың күнделікті өмірінің жақсаруы — осы еңбек адамдарының тынымсыз қызметінің нәтижесі. Сондықтан жұмысшы мамандардың еңбегін атап өту, оларға құрмет білдіру — қоғамның даму мәдениетін көрсететін маңызды міндет.

Жұмысшы маман – нағыз еңбектің тұлғасы. Құрылыс, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық қызмет секілді салада жұмыс істейтін азаматтар ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отыр. Олар қиындыққа мойымай, өз ісіне адалдықпен қарап, сапаны, тәртіпті және жауапкершілікті басты орынға қояды. Осындай табанды еңбек аудан халқының тұрмысын жақсартып, жас ұрпаққа еңбекқорлықтың үлгісін көрсетеді.

Бүгінгі таңда еңбек адамының беделін көтеру – біздің ортақ міндетіміз. Жұмысшы мамандардың тәжірибесі, шыдамдылығы мен жауапкершілігі кез келген жетістіктің бастауында тұрады. Ауданымыздың дамуына баға жетпес үлес қосып жүрген осы азаматтардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

Ауданымыздың дамуы мен халықтың күнделікті өмірінің тұрақты жүруі – ең алдымен жұмысшы мамандардың маңдай тері мен адал еңбегінің жемісі. Еңбек адамдарының төзімділігі, кәсіби шеберлігі және жауапкершілігі – қоғамның берекесі мен тірегі. Осы бағыттағы еңбектеріңіз тек аудан үшін емес, болашақ ұрпақ үшін де үлкен өнеге.

 

Д.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT