Құрт ауруы қайтсе құрықталады?

Қазақта «сақтансаң, сақтармын» деген қанатты тіркес бар.

Талай жұтты басынан өткерген қазақ халқы небір ауруларды да жіктеп, емін де жетесіне тоқи білген. Ел аузында «Құрт ауруы» немесе «Жаман ауру» деп атап кеткен «туберкулез» дерті туралы не білеміз?

Сақтансаң сақтайды

Дәл қазiргi күнi дөңгеленген дүниенi толғандырып отырған маңызды мәселелер туралы тiзiмнiң басында лаңкестiк қаупi тұрғаны белгiлi. Алмағайып әлем адам қолымен жасалатын зұлматтан зәресi ұша қорқып отыр. Өйткенi, терроризм түгел адамзаттың тағдырын оқ ұшына байлап жiберетiн кесел. Бiрақ, ол кесел адамдардың белгiлi тобының қолымен жасалатындықтан онымен күресудiң де амалдары қарастырылып отырғаны аян. Бұл, әрине, террордың қаупiн сейiлтпейдi және оны ақтамайды да. Алайда, адамзатты оқ-дәрiсiз, қан-төгiссiз қырып жiберетiн қауiп туралы да айтуға мәжбүрмiз. Ол – адам баласының соңынан қалмай келе жатқан құрт ауруы.

Туберкулез ауруының терроризмнен де қауiптi екендiгiн нақты мысалдармен дәлелдеу үшiн мына деректерге жүгiнейiк. Әрине, қағаздағы дерек пен дәйектiң айғай салатын тiлi жоқ, десек те оқыған адамның төбе шашы тiк тұратыны анық. Мәселен, дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде әр күн сайын өкпе дертiнен сегiз миллион адам ажал құшады екен. Яғни, әрбір 10 секунд сайын бiр адам өледi деген сөз.

Адамзат өмiрiне осыншалық апат төндiрiп отырған құрт ауруының қауiптiлiгiн жоғарыда айтып өткен дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дерттiң жұқпалылығымен түсiндiредi. Және соңғы жылдары өкпе құртының адам ағзасында тез көбейгiш әрi төзiмдi түрiнiң белең алуы қауiптi одан сайын қоюлатып отыр. Дерек бойынша, күн сайын 22 000 адам әлемнiң әр түкпiрiнде туберкулез таяқшасын жұқтырады екен. Бұл дегенiңiз – тәулiктiң әрбiр төрт секунды сайын бiр адамның денсаулығына сызат түстi деген сөз.

Кесел кісі жатырқамайды

Бiр ғана нәрсе анық, бүгiнгi адам баласы күн сайын қаупi күшейiп келе жатқан өкпе дертiнiң тiрi ағзаның түбiне жететiн тажал екенiн дәлелдеп берген немiс ғалымы Кохқа «қарыздар». Бұл дегенiңiз, Кох таяқшасының қаупi тағы да лаңкестiкпен тепе-тең дәрежеде екендiгiн бiлдiредi. Неге? Ел iшiне iндеп тұрған дерттiң бұлайша тамырлануын мамандар әлеуметтiк фактор ретiнде қарастырады. Себебi, туберкулез диспансерiнде тiркеуде тұрғандардың сексен пайызынан астамы әлеуметтiк жағынан нашар қорғалғандар. Дiттеп келгенде бұл шешiм дұрыс та шығар, бiрақ, «туберкулез тек қана кедейлердiң кеселi» деген анықтама ақиқатқа жатпайды.

Себеп пен салдар - өтпелi кезеңдегi экономикалық дағдарыстың әлеуметтiк жағдайды төмендетiп жiбергендiгi, жұмыссыздықтың пайда болуы;

- қоғамдағы ассоциалды адамдар тобының көбеюi, яғни, араққа салынушылардың, нашақорлардың, мекені тұрақсыз жандар санының артуы; көшi-қон үрдiсiнiң үдеуi;

- iндеттiң негiзгi ошағы болып табылатын түрмелердегi адам санының көбеюi;

- адамның өз денсаулығына мән бермеуі;

Сондықтан адам өз денсаулығының өз қолында екенін ұмытпауы керек.

Рая Муханова,

аудандық орталық аурухананың физиатры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521