Съезден үлкен жігер алдым

Наурыз айының 28-29 жұлдызында әсем қала Астанада «Жас Отан» жастар қанатының съезі өткені белгілі. Оған Атырау облысынан әр саланың үздіктері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері, жас кәсіпкерлер, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық бастауыш бөлімшесінің жетекшілері, жалпы 40 делегат қатысты.

Бойында күш-қуаты тасыған,ел ертеңіне бей-жай қарамайтын жалынды жастар съезде бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салды. Алғашқы күнінде делегаттар «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Саламатты ұлт» деп аталатын бес тақырып бойынша өткен сессияларға қатысып, жобаларын ұсынды. Соңында «Үздік жобалар» иелеріне марапаттар берілді.

Жиынның екінші күні «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форуммен жалғасты. Елбасының ыстық сәлемі мен құттықтау сөзін жеткізген Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жастар қай уақытта да мемлекет қолдауына ие екенін баса айтты. Сөйтіп, «Жаңа әлемге жол саламыз» атты ұранмен ашылған съезд Қазақстан жастарының жаңашылдыққа, жаңа білімге, жаңа белестерге деген ұмтылыстарын бұрынғыдан да арттыра түсті. Осындай маңызды басқосуға ауданымыздың жастары атынан қатысып келгенімді әркез мақтан етемін.

Гауһар Талғатқызы, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық бастауыш бөлімшесінің жетекшісі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521