Сақтық шараларын ескерейік

Көктем басталысымен аудан, ауыл тұрғындары өздеріне тиесілі қора жайларын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан, ауыл тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау және өрттің алдын алу шараларын ұдайы назарда ұстау керектігін ескертеді.

Өрттің шығу себептері әртүрлі. Өрт көбінесе токпен жұмыс істейтін тұрмыстық құрал-жабдықтарды ақаулы күйінде пайдаланғандықтан, кішкентай балалардың сіріңке жағып ойнауынан,қысқасы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болып жатады. Сондай-ақ қыс мезгілінен қалған қорадағы қалдық шөп-шаламдарды өртеп жою кезінде осындай оқиғалар жиі орын алады. Бір ескерте кететін жайт – егер өрт бола қалған жағдайда үй мен үйдің арасына өрт сөндіру техникасы еркін кіріп шыға алатындай жер қалдырса, оны еш қиындықсыз сөндіруге үлкен септігін тигізер еді.

Мұндай келеңсіз жайттар кей уақытта табиғи газды пайдалану кезінде жиі кездеседі. Мәселен, газ плитасының төбесіне қаңылтыр қағылмауы,терезе желдеткіштерінің болмауы, ток желілерінің ескіруі, розеткаларды сынық күйінде пайдалануы тұрғындар арасында жиі ұшырасып жүрген кемшіліктер десек, өтірік айтпаған болар едік. Сондықтан әрбір тұрғын өрт оқиғаларының қарапайым ережелерін сақтамаудан болатынын жадында үнемі ұстап жүрулері тиіс. Аталған жағдай бола қалса, онда 101 телефоны арқылы хабар беріңіздер.

Ғарипжан Құрманов, Исатай ауданының ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521