Сайлау заңнамасы мәселелері талқыланды

«Бүгін Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен сайлау заңнамасы және оның жаңа ӘРПК аясында қолданылуын талқылау бойынша әкімшілік істерді қарауға маманданған судьяларға арналған семинар ұйымдастырылды», - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оған Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы мен судьялары, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары қатысты, аудандық соттар БКБ арқылы қосылды.

ce0d697b-62f5-4028-b4d9-627340002ca2

Сот алқасының төрағасы А.Салихова 2021 жылдың 25 шілдесінде Атырау облысының ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтетінін атап өтті.

9c00be9d-eb73-49e8-8e00-27be3dc9a224

«Егер бұрын сайлау мәселелері АПК нормаларымен реттелетін болса, қазір Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте «Сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы әкімшілік істер бойынша іс жүргізу» 25-тарауы көзделген. Алдағы сайлаудың ерекшелігі - азаматтардың тікелей дауыс беру арқылы ауылдық округ әкімдерін таңдауы. Осыған байланысты, Конституциялық Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді, бүгінгі семинарда осы мәселерді талқылайтын боламыз», - деп атап өтті А.Салихова.

Одан әрі Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Н.Абдолов баяндама жасады. Судья ӘРПК-нің 163-бабының талаптарына тоқтала отырып, сайлауға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы әкімшілік істер бойынша талап арызды қараудың мерзімі мен тәртібі, сот шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы айтты.

Сол соттың судьясы Г.Турганова "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіріп, 2021 жылғы 24 мамырдағы Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Судья сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, енгізілген өзгерістерге сәйкес сайлау өткізу тәртібі, даулардың негізгі санаттары, аумақтық сайлау комиссияларының қызметі, сайлаушылар тізімін қалыптастыру, сайлау алдындағы үгіт, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну туралы айтып берді.

Іс-шара соңында талқыланған тақырып бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521