«Самұрық-Қазына» қоры түбегейлі реформаланады

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада отандық ірі бизнес өкіледірмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты жеті қағидатын айту барысында «Самұрық-Қазына» қорын реформалаудың перспективасына да баса мән берді.

- «Жабықтық, «саяси маңызы бар адамдарды» тағайындау, сатып алулардың тиімсіздігі, еңбек қатынастарындағы дау-дамай, ауқымды жобалардың аяқсыз қалуы және тиімсіздігі, компанияны ұстап тұру шығындары – бұлардың бәрі қоғамның наразылығын тудырып отырған мәселелер. Күні бүгінге дейін мұнайхимия саласын қалыптастыра алмадық. Кеңес дәуірінде салынған зауыттарды қайта жөндеумен келеміз. Директорлар Кеңесі рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы көп жағдайда ештеңе шешпейді. Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеймін. Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кетеді», – деді ол.

Кездесу барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, «Eurasian Resources Group» компаниясы иелерінің бірі Александр Машкевич, «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы Исламбек Салжанов және басқа да шенеуніктер мен кәсіпкерлердің сөз сөйлегендігін айта кетейік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521