«Samgay» жобасы жұмысын бастады

Атырау қаласында алғашқы рет республика деңгейінде "Samgay" жобасы іске асырылуда.

International Business Academy, Еуропа Кеңесі жастар департаменті жəне Generation Unlimited жетекші тренерлерінің қатысуымен өтетін Жастар жылына арналған жобалардың ең маңыздыларының бірі саналады. Жобаның мақсаты - аймақта жасөспірімдер мен жастарды оқыту, жұмысқа орналасу жəне лайықты жұмыс жасау дағдыларын дамыту, тренер немесе еңбекке сұранысқа ие жас мамандарды даярлау. Мастер тренерлер арқылы 144 ауылдық тренерлер дайындап, ал, олар ауыл жастары үшін дәрістер жүргізеді. Бұл жоба - жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Samgay жобасының алғашқы кезеңі 28 шілде мен 2 тамыз аралығында Атырау облысы Apec Petrotechnic жоғары колледжінде өтті. Алты күндік тренингке аудандардан 20 аймақтық тренер қатынасты. Исатай ауданы бойынша алғашқы кезеңнен өтіп, аймақтық тренер ретінде аудандық жастар ресурстық ортылығының басшысы Ринат Есқали, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы азаматтық орталығының Исатай ауданындағы маманы Анаргүл Құсайынова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 3 курс студенті Айкөркем Нұрғалиқызы қатысты.

 samgau8

Тренингті Беларуссия елінен халықаралық тренер, Еуропа Кеңесі жастар департаменті тренерлер кеңесі пулының мүшесі Юля Станкевич, International Business Academy мастер-тренері Елена Данилова, жастармен жұмыс жөніндегі тренер, Жастар қызметкерлерінің қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев сабақ жүргізді. Алты күндік тренинг барысында жобаның алғашқы қатысушылары жастармен жұмыс істеу əдістері, жаттықтырушылардың құзыреттері мен бейресми оқыту қағидаларымен танысты. Халықаралық тренерлер өз тəжірибелерімен бөлісті.

samgau1

Тренинг-жобаның келесі кезеңінде ауылдық жаттықтырушыларды дайындайтын өңірлік жаттықтырушылар даярланады.

Айкөркем НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика