САРАЙШЫҚҚА САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

ЖҰМЫСШЫЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЗЕЙНЕТКЕР- ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА «САРАЙШЫҚ-ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ КЕШЕНІНЕ» САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Саяхатқа аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин атындағы және «Көктем» қазақ орта мектептерінің зейнет жасындағы жұмысшы қызметкерлері барып, үлкен әсермен оралды.

– Кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылған әдемі демалыс, әдемі саяхат, әдемі сапар болды. Бейсенбі берекелі болып, жақсыны көрдік, тарихты білдік, өте мағыналы іс болды, – дейді зейнеткер ұстаздар.

Айталық, Махамбет ауданында орналасқан «Сарайшық-тарихи өлкетану кешеніне» саяхатқа барған қызметкерлердің жол жүру және кіру шығындары аудандық кәсіподақ есебінен төленді

 

Жадыра НАРИМАНОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT