"Сарайшық" коммуналдық базарында өрт шықты (+ВИДЕО)

2020 жылдың 16 шілде күні сағат 14:52-де .Нұрсая мөлтек ауданы, К.Маденова көшесі 1 "А", "Сарайшық" коммуналдық базарының ішінде 50 шаршы метр аумақта 3 азық-түлік дүңгіршегінің жануы болды.

1

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде 6 минут ішінде жетті. Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілерінің дер кезіндегі жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толығымен жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі анықталуда.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521