Сау ұрпақ – ұлт болашағы

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығына үлкен мән беру керектігін атап өткен болатын.

Олай болса, денсаулық үшін күрес – әрбір адамның міндеті. Сол міндетті жас өскелең ұрпаққа насихаттау – педагогтардың парызы болса керек.
Соңғы кезде менингококк жұқпасының эпидемиологиялық ахуалы республика көлемін қатты алаңдатып отырғаны белгілі. Күні бүгінге дейін республика бойынша 53 жағдай тіркеліп, оның 8-і өлім жағдайымен аяқталған. Біздің ауданда биыл менингококк жұқпасы мен серроздық менингит жағдайлары тіркелген жоқ. Осыған орай ауданымыздың мектепке дейінгі ұйымдарында, балаларды сауықтыру және ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін орындарында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында төмендегі шараларды қолға алдық:
Медициналық қызметкермен менингококк жұқпасына күдікті жағдай анықталған уақытта, жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына шұғыл хабарлама жолдау (телефон арқылы);
Ұйымдастырылған топтарда (мектепке дейінгі мекемелер, сауықтыру лагерьлері) таңертеңгілік сүзгі жүргізу;
Қандайда жұқпалы аурулардың клиникалық белгілері байқалған жағдайда (дене қызуының болуы, әлсіздік, бастың ауруы, т.б.) ұйымдастырылған ұжымға қабылдамау;
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау орнату (10 күн);
Менингококк инфекциясы анықталу қаупі бар топқа жаңадан келген және уақытша болмаған балаларды қабылдауды соңғы науқас оқшауланған кезден бастап, 10 күнге тоқтату;
Менингококкк инфекциясы тіркелген жағдайда, топтың баласын басқа топқа ауыстыруға соңғы науқас оқшауланған кезден бастап 10 күнге тыйым салу;
Топтың жиі желдетілуін, ылғалды жиналуын ұйымдастыру;
Мекемелерде желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жиі жүргізу;
Ата-аналар мен қызметкерлер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
Үш күн және одан да көп күн болмаған балаларды дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасы болған кезде ғана қабылдау;
Мәдени-көпшілік шараларды обьекті аумағында ашық ауада өткізу барлық мектеп пен балабақшаларға тапсырылды.
Биылғы жылдың 6 маусым күні облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырған менингококктың алдын алу шараларын ұйымдастыру бағытындағы семинарға 10 орта мектеп жанында ұйымдастырылған жазғы лагерь жетекшілері мен мектеп медбикелері қатыстырылды.
Аудан мектептерінде 10 орта мектеп жанынан 1200 баланы қамтитын 10 тамақтандыратын лагерь жұмысы ұйымдастырылды. Барлық мектептер жанындағы лагерьлер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының рұқсатын алған, ауыз су сертификаттары жарамды, барлық қызметкерлер медициналық санитарлық тексеруден өткізіліп, рұқсаттама алып, үстіміздегі жылдың 1 маусым күні жұмыстарын бастады. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп жанындағы лагерьлерде менингококк инфекциясы алдын алу бағытындағы ақпараттық брошюралар мен плакаттар ілініп, таратылды.
Қандай да болмасын аурудың алдын алу - ең алдымен салауатты өмір сүру, оны насихаттаудан басталары сөзсіз. Салауатты өмір салтын сақтау - ол әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді өткізу, денсаулықты сақтау және оны нығайту. Осы бағытта аудандық білімі бөлімі алға қарай да дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі жұмыстарын жүргізе беретін болады.

Айбатыр БЕКІШҰЛЫ,
аудандық білім бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521