Сауал сізден, жауап - бізден

(0 Votes)

 Әдеттегідей, назарларыңызға сүйікті сұрақ-жауап айдарымызды  ұсынамыз. Оқырмандар тарапынан неке тақырыбына қатысты сауалдар көп жолданып жатады. Бұл жолы халық көкейінде жүрген сауалдарға Атырау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Құралай Хайрошева жауап береді.


 1-сұрақ: Неке қиюды  тіркеу мерзімі қандай?
 
Жауап: Неке қиюды  тіркеу мерзімі өтініш түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен  бастап  күнтізбелік 15 күн.
 
2-сұрақ: Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың некеге отыруы үшін қандай құжаттар талап етіледі?
 
Жауап: ҚР жеке куәлігі, түбіртек, кәмелет  жасқа толмаған азаматтың ата-анасының болмаса қорғаншысының некеге отыруға рұқсат қағазы қажет болады. Бала болған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, жүктілік болған жағдайда дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы да сұратылады.
 
3-сұрақ: Шетел азаматымен некеге қалай отыруға болады?
 
Жауап: Шетел азаматымен некеге отыруға өтініш тіркеуші орган арқылы қабылданады. Шетелдік азамат паспортының нотариалды куәландырған көшірмесі және жүріп-тұруға рұқсат қағазы қажет. Өз елінің уәкілетті органдары берген некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы қоса ұсынуы шарт.
 
4-сұрақ: Ортақ бала болмаған жағдайда некені қалай бұзуға болады?  
Жауап: Егер ерлі-зайыптылардың арасында кәмелет жасқа толмаған балалары болмаса, неке бұзу тіркеуші орган арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы онлайн берілген бірлескен өтініш негізінде жүргізіледі. Ойлануға берілетін уақыт –  1 ай. Ал, қызмет көрсету құны –7728 тг.
 
 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT