СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев іссапармен ауданымызда болды.

Бұл сапарында халық қалаулысы алдымен Х.Ерғалиев ауылында жүргізіліп жатқан ауылішілік жолдардың құрылысы барысымен танысты. Сондай-ақ, іссапар аясында аудан орталығына да ат басын тіреген Ә.Нәутиев Аққыстау ауылында жаңадан салынып, пайдалануға берілген мектеп-гимназия ғимаратында болып, аралап шықты. Аталған білім ордасының жанындағы жатақханамен де толықтай танысқан сенатор мектеп-гимназияның жұмысын жандандыру бағытындағы өзінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Халық қалаулысының ауданды аралаған сапары кезінде онымен бірге аудан әкімі Нұрым Мусин, аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов және сала басшылары болды.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT