Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың«Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында болашақ Парламенттіңинституционалдық келбетіне ерекше мән берілген. Парламенттік реформа – жай ғана форманыңөзгеруі емес, бүкіл мемлекеттік билік жүйесініңнегізгі тірек конструкцияларының бірін нығайтуекені баса айтылады.
Автордың пікірінше, парламенттік реформаныңсәтті болуы жаңартылған өкілді орган жұмысыныңтетіктері қаншалықты дәл құрылатынынабайланысты.
«Жаңа модель Қазақстандағыпарламентаризм философиясын өзгертеді. Парламент бұдан былай тек заң шығарушыорган ретінде ғана қалмайды. Ол халықтың үніестілетін, қоғамның сұранысын түсінетін жәнемемлекеттік дамудың жаңа мазмұнынқалыптастыратын қоғамдық диалог орталығына айналуға тиіс. Жалпы алғанда, ХХІ ғасырдың кәсіби Парламенті көппартиялы, ықшам, жоғары технологиялы және қоғамөмірінің тыныс-тіршілігімен біте қайнасқан болуы керек», – дейді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасы атап өткендей, бірпалаталы Парламентке көшу жағдайында мықты комитеттер жүйесінің рөлі түбегейлі артады. Оның пікірінше, салалық комитеттер кәсіби сараптама мен саяси жауапкершілік орталықтарына айналуға тиіс. Олардың парламенттік тыңдаулар мен тексерулерден бастап, атқарушы биліктің қызметіне жүйелі бақылау жасауға дейінгі кеңейтілген өкілеттіктері болуы қажет.
Мәулен Әшімбаев болашақ Парламенттің өңірлердің мүддесін ескеретін функциясын сақтау мен күшейтуді жаңа архитектураның маңызды элементі ретінде қарастырады. Осыған байланыстыПарламент жанынан Өңірлер кеңесін құру ұсынылады. Бұл кеңес мәслихаттар, қоғамдық құрылымдар және ұлттық заң шығарушы орган арасындағы тікелей әрі жүйелі байланысты қамтамасыз етпек.
Парламенттік реформаның логикасы туралы айта келе, Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы ұсынған жоғары өкілді органды бәсекелестікке негізделген пропорционалды негізде қалыптастыруға көшу елдің бүкіл саяси жүйесіндегі кешенді өзгерістерге жол ашатынын атап өтті.
«Жоғары өкілді органды бәсекеге қабілеттіпропорционалды негізде қалыптастыру домино әсеріне алып келеді. Көппартиялы Парламент электорат мүдделерін барынша толық әрі тиімді қорғаудың алғышарттары қалыптастырады. Партиялар дауыс алу үшін анық саяси өкілдігі жоқ әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін нақты бағдарламаларға біріктіруге мәжбүр болады. Өз сайлаушыларын ұстап қалу үшін партиялар тұрақты кері байланыс арналарын: жергілікті бөлімшелерді, қоғамдық қабылдау бөлмелерін, ұсыныстар жинауға арналған онлайн-платформаларды құратын болады», –деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.


