Сенатор ауданымызда болды

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында «Жалын» мәдениет үйінде тұрғындарымен кездесті.

Кездесуді аудан әкімі М.Мурзиев ашқаннан кейін сөз кезегін алған сенат депутаты Ғ.Исламұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы – Қазақстан мемлекетінің таяу арадағы даму басымдылықтарын айқындайтын, болашаққа бағдар беретін айрықша маңызды құжат екенін, бастысы, сан емес, сапаға көңіл бөлу керектігін, басқалардың жетістіктерін қайталаумен шектелмей, өзіміз басқаға үлгі болу міндеті қойылып отырғанын айта келіп, Елбасы Үкіметке өңдеу секторын дамыту, ресурстық әлеуетті одан әрі өркендету, «ақылды технологиялар»-агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын және адами капиталды жаңғырту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «ақылды қалаларды» дамыту секілді міндеттерді жүктегеніне тоқталды.

Сондай-ақ ол бұл міндеттер экономиканы өркендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне ықпал ететініне, жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлемінің дамуына оң әсерін тигізетінін де жеткізді.

Облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин өткен жылы Атырау облыстық мәслихаты бойынша 11 сессия өтіп, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 11 нормативтік-құқықтық акті қабылданғанын, сессияларда денсаулық сақтау саласы, еңбек қатынастары мен еңбек нарығын дамыту, көші-қон мәселелері сияқты тағы басқа да түрлі мәселелер қаралып, нақты ұсыныстар берілгенін, облыс бюджеті 4 рет нақтыланғанын, 9 облыстық басқарма басшыларының есептері тыңдалғанын, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелерімен бірлесе отырып, 106 қоғамдық қабылдау өткізгенін, депутаттардың белсенділігі күннен-күнге артып келе жатқанын, биылғы Президент Жолдауы депутаттарға көп міндет жүктеп отырғанын, қазір құрамында «Нұр Отан» партиясы фракция мүшесі мен облыстық мәслихат депутаттары бар ақпараттық-насихаттық топтар халық арасына шығып, Жолдауда көтерілген міндеттерді түсіндіру мақсатында кездесулер өткізіп жатқанын тілге тиек етті.

Бұдан кейін тұрғындар депутатқа Нарын мен Бақсай өзендерінің каналдарын кеңейту, түбін тереңдету, күрделі жөндеуден өткізу, білікті дәрігерлермен қамту туралы сұрақтарын қойды. Сенат депутаты тұрғындарды бұл сауалдардың оң шешімін табатынына сендірді.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT