Сенаторлар экологиялық акцияға қатысты

(0 Votes)

Парламент Сенатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.

 Республика күні қар­­саңын­­да ұйымдас­тырылған акция аясында сенаторлар Тұран даңғылы, Дінмұхамед Қонаев, Қабанбай батыр және Достық көшелерінің арасын­да орналасқан саябақта кө­гал­дандыру жұмыстарын жүр­гізді. Игілікті іске депутаттар мен палата аппаратының қыз­мет­керлеріне қоса, Сенат жа­нын­дағы сарапшылар клубы­ның мүшелері, елор­даның тазалығын көздей­тін бас­тамаларға үнемі өз үле­сін қосып жүрген Талдау мек­тебі­нің түлектері де атсалысты. Іс-шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысып, олар алма ағашы­ның және мойыл, ырғай сияқты бұта же­міс­терінің 200 көшетін екті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың баста­масы­­мен еліміз бойынша өт­­кізі­ліп жатқан «Таза Қазақ­стан» жал­пыұлттық экология­лық ак­циясы барша азаматты ортақ іске жұмылдырып отыр. Бұл – бірреттік іс-шара емес. Мұн­дай бастама – елімізде эко­мә­­дениет­ті қа­лып­­тас­тыру­ға және жаңа қоғам­дық этика мен пат­риотизмді нығай­ту­ға тың серпін беретін жүйе­лі жұмыс. Осындай нақты істер қорша­ған ортаға қамқор­лық­пен қарау­ды әр адам үшін күнделікті нормаға айналдыруға жол ашады», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ палата спикері Мемлекет басшысы биыл­ғы Жолдауында қоршаған ортаға ұқыппен қарауды одан әрі дамытудың маңызды екеніне баса мән бергенін айтты. Сондықтан қазіргі таңда табиғатты аялау және экологиялық жауапкершілік қағидаттары күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT