Сенімге селкеу түспеуі тиіс талап та содан туындайды

Көзі қарақты, көңілі ояу кез келген адам мемлекеттік қызметке келу – қоғам мен мемлекеттің сенімін арқалау екендігін терең ұғынатыны анық.

Ал бұл қай мемлекеттік қызметшіге де жауапкершілік жүктейді. Өйткені олардың бәрінің жұмысы оны өзіне сеніп отырған мемлекет пен қоғамның көз алдында.
Әрине, мұны алдымен сол қызметшінің өзі терең түсінгенде ғана оңды нәтиже болмағы шындық. Атқарған ісің, жасаған жұмысың көптің көз алдында болуы да – сын. Бұл дегеніңіз, одан қоғамның өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауы қажеттігін талап етуі деп түсінсек те болады.
Иә, өз қызметінде Елбасы саясатын ұстанып, оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс мемлекеттік қызметшіге талап жоғары. Мәселен, жалпы мемлекеттік қызметке қадам басқанда бірінші - тестілеу, екінші - жеке қасиеттерін бағалау, соңынан әңгімелесу сияқты үш кезеңдік іріктеуден өтеді. Бұл - талаптың табалдырығы. Осыдан кейін оларды бекітілген тәлімгерлеріне қарап түзелу яғни 3 айдан 6 айға дейінгі сынақ мерзімі күтіп тұр.
- Мемлекеттік қызметке орналасар алдында үміткерлер тест тапсыруға міндетті. Ол үшін үш бағдарлама қарастырылған, - дейді аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімі басшысы С.Амиров. – Тест сұрақтары заң шеңберінде бағдарламаға сәйкес компьютермен тапсыру арқылы өткізіледі. Ал құқық қорғау органдарына төрт тестілеу бағдарламасы бойынша өткізіледі. Үміткерлер ҚР Конституциясын, ҚР Мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарын білуі қажет. Сондай-ақ Әкімшілік рәсімдер, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң бойынша сұрақтар қойылады. Сынақтан сүрінбей өткен азаматтарға сертификат беріледі.
Талап туралы айтқанда, қызметшілердің тәртібінің қадағаланып отыруы да талаптың жоғарылығы. Ал әдеп әңгімесі өз алдына бір бөлек, бұл да биік талаптан. Енді міне, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі ай сайынғы жалақыны есептеуге және бонустық төлемдерге қатысты өзгерістерді қамтып отыр. Жаңа жүйедегі сыйақы мәселесіне келсек, біріншіден, «сыйақы» енді «бонус» деп аталатын болулы. Екіншіден, олар жылдың соңында мемлекеттік қызметшінің жұмыс қорытындысына байланысты төленеді, яки әркімге ісіне, еңбегіне қарай. Бұл, сөз жоқ, әлгіндей талаптарды орындауға қанаттандыратын қадам.
Әрине, қойылған талаппен бірге қалыпты қызметке жасалып отырған мүмкіндіктер де бар. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, біліктілігін арттыру да – қамқорлық. Оларды тұрғын үймен қамту барысында тұрғын үй несиесінің жаңарған жүйесі енгізілген бастамалардың өмірге келуін де мүмкіндіктің бірі деу керек.
Зерделей қараған жанға талап та, тәртіп те, мүмкіндік те - сөз басында айтылған қоғам мен мемлекет сеніміне селкеу түспеуі, яғни мемлекеттік қызметті әркім адал әрі сапалы атқаруы үшінгі қарекеттер деп түсінеміз. Өйткені, мемлекеттік қызмет – өзінің жоғары талап, зор жауапкершілігімен елдік істердің ең алдыңғы легінде тұр.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521