«Сергек» сегіз күнде 42 млн. теңге тапқан

Қала көшелеріне «Сергек» камералары орнатылғалы көлік жүргізушілері жол ережесіне сергек қарайтын болды.

Өйткені қырағы көз «бақылаушы» тәртіп бұзған қай автокөлікті де қалт жібермейді. Ереже бұздың ба, ежіктеп түсіндіріп тұратын жол полициясы емес, қатал құрылғының «қаһарына» ұшырайсыз. «Аһ» ұрып айыппұл арқалайсыз, мемлекеттің қалтасын қампайтасыз.

Қалта қаймпайтады демекші, қолданысқа енгізілгелі бері көп уақыт болмаған құрылғы аз күннің өзінде қыруар қаржы «жинапты». Мәселен, Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында жаңадан іске қосылған 400 "Сергек" камералары 42 млн. теңгеге айыппұл салған.

BAQ.KZ сайтынан білуімізше, қалада 8 күннің ішінде 2564 жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, оларға жалпы сомасы 42 010 397 теңге айыппұл салынған. «Әкімшілік құқықбұзушылықтар көбіне жылдамдықты асырумен баланысты (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым). Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын да атап өтті» делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Сергек" бағдарламалық кешені жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілерін сақтамау, көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу және қоғамдық көлік жолағына заңсыз шығып кету сынды құқық бұзушылықтарды тіркейді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT