Бүгін аудан өміріндегі маңызды мәдени оқиға— өңірдің бай тарихына ие «Серпер» газетінің 95 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.
Мерейтой аясында аудан тұрғындары мен жастарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аудандық футбол турнирі, жастар арасында интеллектуалды куиз, оқушылар арасында өлең жазудан байқау, сондай-ақ облыстық деңгейдегі ақындар айтысы өтті.
Мерекелік жиында баспасөз саласының ардагерлері мен үздік журналистердің еңбегі еленіп, арнайы марапаттар табысталды.
«Серпер» газеті — өңірдің айнасы, халықтың шежіресі. 1929 жылы алғаш рет жарық көрген басылымның атауы уақыт талабына сай төрт рет өзгергенімен, мазмұны мен мақсаты өзгерген жоқ. Қазіргі таңда газет 5 мыңға жуық данамен таралып, қызығушылығын жоғалтпай, тұрақты түрде халық қолына жетіп келеді.
Жүз жылдық белеске қадам басқан ұжымға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Ақтілек Базарбаева
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

