Шәкір Кейкин - Мақат ауданының жаңа әкімі

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев Мақат ауданының депутаттарына басқа жұмысқа ауысып кеткен Жұмабай Қарағаевтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.

Бұл жайында Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа кандидат Шәкір Кейкин бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасаған. Өңір басшысы Ш.Кейкиннің үлкен еңбек өтілін атап өтіп, оның кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілгенін айтты.

makatakim2

Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдап, оны жақсы басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті. Шәкір Кейкин Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1993-2008 жылдар аралығында Жылыой ауданының түрлі коммерциялық құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет істеді. 2008 жылы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2009-2018 жылдары Құлсары қаласының әкімі болды.

makatakim3

2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары. Актив жиналысында жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Ш.Кейкинге Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика