Шағын және орта бизнес субьектілері

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайымен қарағанда ауданда 1883 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар – 135, жеке кәсіпкерлер – 1451, шаруа қожалықтары – 297. Олардан жұмыс істеп тұрғаны - 1469 бірлік, бұл 106,5 пайызды құрап отыр.

Кәсіпорындар өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25-інен кешіктірмей электронды форматта http://msb.fms.kz/login сайтында БСН енгізу арқылы ұсынуы керек.

Электронды цифрлы қолтаңба арқылы кәсіпкер немесе заңды тұлға тіркелгеннен кейін Қордың ақпараттық жүйесіндегі пайдаланушының келісіміне электронды қол қояды. Жүйеде МӘМС-ке жарна төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН тізімі қосылады. Енгізілген ақпарат ай сайын Мемлекеттік кірістер комитетіне түсіп отырады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ (бұдан әрі- Қор) Атырау облысы бо-йынша филиалы 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгеретіндігін хабарлайды.

Атап айтқанда:

1.Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% - ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.

2.Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% - ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.

3.Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.

4.Бірыңғай жиынтық төлем:

- қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңгені;

- ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңгені құрайды.

5.Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.

Осыған орай, Қормен әзірленген бейнероликтердің мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда, адамдар көп шоғырланатын жерлерде, сауда орындарында, қоғамдық көліктерде көрсетілуіне, әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда жариялануына қолдау көрсету де сұралған. Осы себепті, өз тарапымыздан аудан айнасы арқылы аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерін де құлағдар қылуды жөн көрдік.

Нұрберген ӨТЕГЕНОВ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT