Шалғайдағы Азғыр ауылында белсенділік жоғары

Шалғайдағы Азғыр ауылдық округіндегі 195, 196, 198 референдум учаскесінде 1394 дауыс беруші бар.

Қазіргі таңда олардың белсенділігі жоғары.

Мәселен, Азғыр ауылына қарасты 196 референдум учаскесінің төрағасы Саяділ Мұқанәлиевтің хабарлауынша, қазіргі уақытта дауыс берушінің 233-і өз таңдауларын жасап үлгеріпті. «Бозкөл», «Сұлтан» , «Терек», «Ошағанды» учаскелеріндегі 50 малшыға өз өтініштері бойынша тасымалдау жәшіктері апарылды. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтын 4 үйге тасымалдау жәшігі арқылы дауыс беру ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT